2019 жылы 19 қарашада химия бойынша IX облыстық жасөспірімдер олимпиадасының I турында есеп шығаруға , аудан және қала турының жеңімпаздары мен жүлдегерлері 7-8 сыныптың 69 оқушысы,сонымен қатар Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 4 оқушысы еңбек етті. II эксперименттік турда - практикалық тәжірибе өткізгенде жоғарғы ұпай жинаған 20 қатысушы өтті, сонымен қатар қала мектептерінің 2 оқушысы.
2 тур нәтижесі бойынша Павлодар, Екібасұз, Ақсу қалаларының орташа лига арасында № 38 ЖНМ 8 сынып оқушысы Абдуллин Шон I орынға, № 43 ЖОМ 7 сынып оқушысы Савельева Елизавета III орынға ие болды. Абдулин Шон қалалық Мәшхүр Жүсіп, Абай оқуларының жүлдегері (III дәрежелі диплом, 2019 жыл); қалалық Шон би оқуларының жеңімпазы (диплом Бас- жүлде,2019 жыл) қалалық, облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы (I дәрежелі диплом, 2019жыл).
Олимпиада жеңімпаздары К.И.Сатпаев атындағы халықаралық олимпиадаға және жалпы білім беру пәндері бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысуға құқылы.