ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Суда құтқару көпсайысы бойынша қалалық жарыс қорытындысы
22-11-2019 09:49
Суда құтқару көпсайысы бойынша қалалық жарыс қорытындысы

  «Шымыр» денешынықтыру-сауықтыру бассейнінде «Жас құтқарушы  - 2019» суда құтқару көпсайысы бойынша қалалық жарыстарға  № 16, 17, 22, 34, 41, Павлодар қаласының Жетекші орта мектебінің командалары қатысты. Командалар 15 - 17 жас аралығындағы үш -төрт қатысушыдан тұрды.

   Қатысушылар бес қашықтықтағы тапсырмаларды орындау сапасы мен жылдамдығы бойынша бағаланды - құтқару шеңберімен құтқару, «Александров соңы» құтқару сызығын беру, құрамдастырылған эстафета, манекенді түбінен көтеру және зардапшеккенді құтқаруды имитациялау, кедергілер мен жүзу.

    Жарыс қорытындысы бойынша I орынды № 41 ЖОМ, II орынды № 34 ЖОМ, III орынды № 22 ЖОМ иеленді. Жүлдегерлер грамотамен және медальдармен марапатталды, көшбасшы командасына портативті Powerbank сыйға тартылды.

  Ұйымдастырушы Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы. Турнирдің мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Төтенше жағдайлар бойынша аймақтық департамент және Sharks жергілікті жүзу клубының қызметкерлері төрешілер сөз сөйледі.