Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласының білім беру бөлімі жоспарлы іс-шаралар өткізуде.
Қаланың барлық білім беру мекемелерінде «Біздің Президент», «Елбасы жолы», «Астана - Еуразия жүрегі», «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру» фильмдері көрсетіледі, «Қазақстан - жетістіктер елі», «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» көрмелері ұйымдастырылды. Параллельдер бойынша «Ел сүйген елін сүйген – Елбасым» салтанатты жиындар, «Астана - Қазақстан Республикасының бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны», «Біздің Елбасы», «Бір шаңырақ астында», «Тәуелсіз елдің тірегі», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің елдің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» сынып сағаттары, спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі.
5-6 сынып оқушылары арасында «Болашақ Қазақстанды қалай елестетесін» атты шағын-шығармалар мен суреттер қалалық конкурсы өткізіледі, байқау қорытындысы бойынша оқушылар грамоталармен және дипломдармен марапатталады. 2-4 сынып оқушылары үшін «Қазақстан - жетістіктер елі», «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» суреттер байқауы ұйымдастырылды.
Мектеп кітапханаларында «Ел тірегі - Елбасы», «Ғасырдың ғажап азаматы», «Елбасы - елімнің тірегі», «Астана – балалардың көзқарасымен» атты кітапханалық сабақтар өткізіледі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы «Жарқын болашаққа бастаған біздің Президент» атты кітаптар мен журналдар көрмесі безендірілді. «Мәңгілік Ел-біздің күш қуатымыз!», «Кемел Елбасы-ырысы елімнің!» атты ақпаратты сағаттар өткізілді.
Қосымша білім беру мекемелерінде «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» интерактивті ойыны, «Менің Қазақстаным» мәнерлеп оқу сайысы, балалар музыка мектептерінің тәрбиеленушілері ата-аналарға арналған мерекелік музыкалық бағдарламалар, аула клубтарында-спорттық жарыстар, турнирлер өткізіледі. Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында 20 қарашада «Менің Отаным-Қазақстан» атты оқушылардың ХІХ аймақтық ғылыми - практикалық конференциясы өтті. Конференцияға 1000-нан астам оқушы қатысады. Оқушылар бес секцияда өз жобаларын ұсынады: «Экология және біз», «Зерттеу жұмысы», «Өз өлкеңді таны», «Музей - тарих бесігі», «Ғылымға алғашқы қадам».
26 - 29 қараша аралығында оқушылардың өзін-өзі басқару белсенділерінен, оқу озаттарынан 500-ден астам оқушы Тәуелсіздік күніне орай Педагогикалық еңбек ардагерлерінің, қаланың құрметті тұрғындарының қатысуымен «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарын толықтырады.
27 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Домбыра сабақтары» жобасы іске қосылады. Осы іс-шара барысында
музыка мектебінің педагогтары онлайн режимінде YouTube домбырада ойнауды үйретеді.
29 қарашада № 24 ЖОМ дәстүрлі «Болашақ жастардың қолында» VIII жастар-патриоттық форумы өтеді. Форумға 500-ден астам оқушы, мектеп педагогтары, ата-аналар қауымдастығы, қонақтар қатысады.
29 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу шеңберінде балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында 100-ден астам жас музыканттардың қатысуымен қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Иртышский перезвон» бард әндерінің VI қалалық конкурсы өткізіледі.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі