Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық байқауға қала мектептерінің 9 мұғалімі қатысады
22-11-2019 14:23
Республикалық байқауға қала мектептерінің 9 мұғалімі қатысады

Павлодар облысы білім беруді дамытудың инновациялық орталығында «Педагогикалық бастамалар» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің финалдық туры 2019 жылғы 20 қарашада өтті. Байқау кәсіби қауымдастық ішінде табысты педагогикалық тәжірибемен алмасуға және өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижелерін көрсетуге ұмтылатын белсенді және шығармашылық педагогтарға бағытталған.

Байқаудың іріктеу турының қорытындысы бойынша қорғауға Павлодар қаласы мұғалімдерінің 23 жұмысы жіберілді. Финалдық турдың қорытындысы бойынша облыстың 15 мұғалімі анықталды, олар конкурстың республикалық кезеңінде облысты таныстырады, оның ішінде  Павлодар қаласы мектептерінің 9 мұғалімі бар. Республикалық конкурста жұмыс тәжірибесін қорғау үшін Т. А. Алексеенко № 21 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі, А. В. Скляренко, № 29 ЖОМ информатика мұғалімі, С.К. Сарсикеева, № 26 ЖОМ орыс тілі мұғалімі, А. С. Кабдракишева № 16 лицей-мектебінің қазақ тілі мұғалімі, М. К. Скаков № 34 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі, Н. К. Асылбекова № 25 ЖОМ музыка мұғалімі, А. Б. Оспанова № 21 ЖОМ тарих мұғалімі, Н. А. Крюкова № 3 балабақша тәрбиешісі, Ю. А. Безрукова М. Әуезов атындағы ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі.