Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыканттарды мерекелік қабылдау
25-11-2019 14:33
Музыканттарды мерекелік қабылдау

Биылғы оқу жылында  конкурстық тыңдалымнан өтіп, Павлодар қаласының балалар музыка мектебіне 323 оқушы түсті. Мектепте барлығы 6 - 17 жас аралығында 1125 оқушы оқиды, соның ішінде фортепиано бөлімінде - 305, жеке және ансамбльдік ән салу бөлімінде -185, соқпалы және үрмелі аспаптар бөлімінде - 91, қазақ халық аспаптары бөлімінде - 225, ішекті аспаптар бөлімінде - 100, орыс халық аспаптары бөлімінде - 173, даярлық сыныптары мен ерте эстетикалық даму топтарында - 46 оқушы. 

Музыканттарды қабылдау дәстүрлі мерекесіне жас музыканттарды құттықтауға педагогтар, ертегі кейіпкерлері Кот Базилио, Түлкі Алиса, Скука және Лень де келді. Жалған ноталар Феясы балаларға музыка туралы күрделі сұрақтар қойып, шатастыруға тырысып мерекені бұзуға, жалпы болдырмауға тырысты, бірақ бірінші сынып оқушыларының білімі оның барлық жоспарын бұзды. Ерте эстетикалық даму топтары кішкентайларынан, джаз, қобыз ансамбльдерінен және мектеп педагогтарынан көптеген жарқын музыкалық нөмірлер болды. Бірінші сынып оқушыларының орындауында жауап ретінде Г. Струвенің «Нотный бал» әні шырқалды. Мерекеде бірінші сынып оқушылары жас музыканттың антын қабылдады, онда жақсы оқуға және мектептің абыройын қадірлеуге уәде берді. Музыка Ханшайымы бастаған ертегі кейіпкерлері барлық жас музыканттарға сыйлықтар табыс етті.

«Музыканттарды қабылдау - бұл Павлодар қаласы балалар музыка мектебінің тамаша дәстүрі. Бірінші сынып оқушылары үшін бұл қызықты күн олардың қатысуымен, көңілді ертегі қойылымымен, педагогтардың үздік концерттік нөмірлерімен нағыз мереке болды», - дейді мектеп басшысының міндетін атқарушы Ольга Леонидовна Бобровская.