Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мағжан оқулары» облыстық байқауының жүлдегерлері
26-11-2019 09:17
«Мағжан оқулары» облыстық байқауының жүлдегерлері

«Мағжан оқулары»  облыстық  байқауға  қалалық,аудандық байқау жеңімпаздары, облыстың 5 - 10 сыныптың 57 оқушысы,сонымен қатар  № 21, 25, 37 ЖОМ оқушылары  қатысты. Мақсаты - оқушылар арасында ақын шығармаларын  насихаттау, талантты балаларды қолдау және дамыту.

«Мағжан оқулары» байқауы «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша - жас мәнерлеп оқу байқауы  (шығарманы білу), «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас ақындар байқауы (қатысушы өзі шығарған шығармаларын оқыды), «Толқынмен толқын сырласып» - зерттеу  жұмысының байқауы  өткізілді.

«Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясының оқу қорытындысы бойынша № 25 ЖОМ 10 сынып оқушысы Сарсембаева Жасмин ІI орын  алды. Ол Мағжан  Жұмабаевтың 20 аса шығармасын және мәнерлеп оқу дағдыларын  білді және мәнерлеп оқу дағдыларын көрсете алды.

     «Толқынмен толқын сырласып» номинациясында № 37 ЖОМ 9 сынып оқушысы  Сурумбетова Камила IІ орын  алды. Мағжан   Жұмабаев  шығармасы  бойынша «Түркістан» зерттеу жұмысында ол шығарма мазмұнының идеясын ашты.

Байқау 2019 жылы 20 қарашада   дарынды балаларға арналған «Жас дарын»  мамандандырылған мектепте өтті.