Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың зерттеу-жобалық қызметі
03-12-2019 11:30
Оқушылардың зерттеу-жобалық қызметі

2019 жылы 28 қарашада № 7 ЖОМ Павлодар қаласының  білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Қазіргі оқушылардың шығармашылығын дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру әдісі ретінде жобалық-зерттеу қызметі»  қалалық семинар өткізілді.

Мақсаты- дарынды оқушылармен жұмыс, оларды ғылыми-зерттеу қызметіне дайындау. Семинарға 192 жалпы  білім беру  мектебінің пән мұғалімдері және әдістемелік-ғылыми жұмыс бойынша директор орынбасарлары қатысты.

Семинарда  жалпы білім беру пәндері  бойынша  ғылыми жобалардың республикалық байқауы және 1 - 7 сынып оқушылары арасында  «Зерде» шығармашылық жоба мен зерттеу жұмыстары қалалық байқауының қорытынды   анализі  жасалды. Дарынды балалармен жұмыста жаңа білім формаларын қолдану бойынша  пән-мұғалімдерінің  қызметін үйлестіру,мектептің ғылыми-зерттеу жобаларының сапасын көтеру туралы  мәселелер  талқыланды.  

Жоғарғы  оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамының басшылығымен қатысушылар қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, ағылшын тілі,  тарих, химия, биология, өлкетану,  этномәдени, қоршаған ортаны қорғау, экология, валеология  бойынша  пән секцияларында  олимпиадаға дайындық кезінде  ғылыми-әдістемелік технологияны қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен  алмасты. Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік кепілдемелер берілді.