ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесінің гран-приі
04-12-2019 08:28
Сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесінің гран-приі

Облыстық «Алтын қазына» сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесіне 2019 жылдың 25 - 28 қарашасында М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 24 білім беру мекемесінен 137 оқушы қатысты. Олар 8 номинация бойынша 215 жұмыс ұсынды: «Тоқыма бұйымдарын жасау» (гобелен, кесте, батик, киіз басу, құрақ пластикасы), «Ағашты, сүйекті, былғарыны көркем өңдеу» (көлемді және тегіс ою, ағашқа сурет салу, қабықтан жасалған бұйымдар), «Инкрустация» (сүйектен, металдан, ағаштан жасалған), «Шыныны көркем өңдеу» (витраж), «Металды көркем өңдеу» (зергерлік бұйымдар, шағын формадағы мүсін, нақыштау, соғу), «Ағаштан жасалған шағын формадағы мүсін жасау, тас, балшық (қыш балшық), сабан, ағаш, тоқыма), Ұлттық ою-өрнек элементтерімен халықтық киім үлгісін жасау», «Қағаздан бұйымдар жасау» (оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше), «Бейнелеу өнері» (кескіндеме, графика).

Барлық жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқау жеңімпаздарын дайындаған педагогтар алғыс хаттармен марапатталды.

Көрме қорытындысы бойынша бас жүлдені № 28 ЖОМ 10 сынып оқушысы Оспанова Карина иеленді, Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің түлегі, көрмеге «Скифтің Аң стилі» коллажын ұсынды. Жұмыс картоннан және қағаздан жасалған.

I орынды № 1 ЖОМ 6 сынып оқушысы Мәлік Ескендір иеленді, № 43 ЖОМ 10 сынып оқушысы қобыз, қайын, қалам салғыш, дәуіт, алқа, Кастенич Давид көрмеге түсті шыныдан жасалған «Лесная сказка» суретін ұсынды, К. Макпалеев атындағы ЖОМ 4 сынып оқушысы Литвиненко Александра көрмеге «Туған жер алтын бесік» суретін ұсынды, жұмыс акварельмен орындалды.

II орынды № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Өтегенова Гүлназ иеленді. Павлодар қаласының көркемсурет мектебі көрмеге аралас техникада орындалған «Солтүстік Астана» жұмысын ұсынды.