ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарда жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар олимпиадасы өтуде
05-12-2019 12:54
Павлодарда жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар олимпиадасы өтуде

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың қалалық олимпиадасы 2019 жылы 5 желтоқсанда № 37 жалпы орта білім беретін мектебінде басталды. Олимпиаданың мақсаты-шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындау, білім берудің беделін арттыру. Жалпы білім беретін пәндер жөніндегі олимпиада 2 бағыт бойынша 2 кезеңде өткізіледі: жаратылыстану-математикалық (математика, информатика, физика, химия, биология, география), қоғамдық-гуманитарлық (қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі).

Олимпиадаға Павлодар қаласының 41 жалпы білім беру мектебінің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың ең көп қатысуын № 16, Б. Момышұлы атындағы мектеп, 39 мектеп 30-ға дейін оқушылармен қамтамасыз етті. Ең жас олимпиадашылар № 16 мектепте Леликов Игорь, Казмин Иван, Реснянская Валерия, Фидависов Аслан, № 34 ЖОМ - Юсопов Данил, № 43 ЖОМ - Совельева Елизавета (химия) оқиды. Барлығы 7 сынып оқушылары бірақ 9 сыныптың тапсырмаларын орындап отыр дейді, «Павлодар дарыны» басшысы Ақмарал Мұхаметжанова. Басшының айтуынша, олимпиаданы ашық өткізу мақсатында ағымдағы жылы бақылаушылар ретінде ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің мүшелері, мектеп директорлары мен мұғалімдері тартылды.

«Мен бастауыш сыныптан қазақ тілін ұнатамын, мен тек тілді үйреніп қана қоймай, бүгін олимпиадада өзімді сынап көрдім», - дейді олимпиаданың жас қатысушысы Валерия Реснянская. Валерия мұғалімі Қабракишова Айгүл Сәбитқызымен бірге бір жыл бойы осы пән бойынша дайындалып және басқа да конкурстарға қатысқандығы туралы айтты.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын Павлодар қаласы мектептерінің командасы облыстың «Үздік олимпиадалық командасы» болып келеді. Өткен жылы қала мектептері облыс бойынша ең жақсы нәтиже көрсетіп, 47 рекордтық орынға ие болды.

Олимпиада 2019 жылғы 5 - 6 желтоқсанда Павлодар қаласының білім беру бөлімімен өткізіледі, олимпиаданың жабылу салтанаты және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 9 желтоқсанда Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады, I орын алған оқушылар қаңтар айында облыстық олимпиадаға қатысады.