ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Би бойынша республикалық конкурстың гран-приі
06-12-2019 09:42
Би бойынша республикалық конкурстың гран-приі

2019 жылы қараша айында Павлодар қаласында өткен «Jastar fest» балалар және жастар шығармашылығының республикалық конкурсында № 36 ЖОМ 6 сынып оқушысы Виктория Корлякова 11 - 15 жас аралығындағы «Заманауи би» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді. Байқауда ол «Иртышские жемчужины» ансамблімен «Верните память» композициясын орындады.

Виктория «Иртышские жемчужины» үлгілі би ансамблінің қатысушысы. Көркем жетекшісі хореограф, қоюшы Прокопьева Ирина Николаевна.

Мектепте Виктория жақсы оқуға ғана емес, сонымен қатар кестемен, музыкамен айналысуға да үлгереді, бірақ негізгі тамаша нәтижені беретін - би болып саналады. Бимен бірінші жыл айналысып, әрі қарай кәсіби деңгейде оқуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Ол 2018 жылы би және спорттық шараларға қатысқан жоқ.

Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Таланттар Академиясы» би студиясы ұйымдастырды.