Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері арасында шахматтан блиц-турнир жарысы 2019 жылғы 9 желтоқсан күні сағат 10.00-де № 41 ЖОМ (Суворов көшесі, 41) өтеді. Жарыс 2 күн - 9 - 10 желтоқсан аралығында өтеді.
Мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, мұғалімдер арасынан үздік ойыншыларды қолдау және мадақтау.
Жарысқа қатысу үшін 40 команда (ер және әйел адамдар) ниет білдірді.
Жарыс шарты бойынша (командалық) швейцариялық жүйемен 7 турда өткізіледі. 1 ойыншыға тур уақыты бойынша 10 минут (қосусыз) беріледі. Ең көп ұпай жинаған командалар жеңімпаз болып саналады. Турнир жеңімпаздары жалпы командалық есепте грамоталармен және сыйлықтармен марапатталады.
Павлодар қаласы білім беру бөлімі