ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ш. Смагулов атындағы математика бойынша олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысу
09-12-2019 11:07
Ш. Смагулов атындағы математика бойынша олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысу

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын  дамыту орталығымен   Әль-Фараби атындағы  Қазақ  Ұлттық   университеті   бірлесіп  академик   Смагулов  Шалтай  Смағұлұлы  атындағы  IV математикалық   олимпиада өткізілді. Олимпиада мақсаты - математика бойынша дарынды балаларды  ынталандыру және қолдау.

Олимпиаданың I іріктеу туры 8 желтоқсанда өтті. Олимпиадаға Павлодар қаласының 31 жалпы білім беру мектептерінен  (№ 1, 2, 5, 7, 9, 11, К. Беқхожин атындағы, 14, 17, 21,  Б. Момыщұлы атындағы, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 34, 35, 37, 38, 39, 40, 41, М. Әуэзов атындағы, 43, Кенжекөл, Жетекші мектебі, № 16 лицей-мектебі), «Жас дарын» дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп, № 3 гимназия, Павлодар қаласының № 8 лицей мектебі және Ақсу мектебі, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 - 7 сыныптың 349 оқушысы қатысты. Іріктеу кезеңінің барлық жұмыстары ең жақсы жұмыстарды айқындау үшін  Әль-Фараби атындағы университетке жіберілді.  Ең жақсы нәтижелері бар оқушылар екінші кезеңге жіберіледі.