Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» патриоттық челенджін «Жебе» және «Қағидаттық» қоғамдық бірлестіктерінен қабылдап, Павлодар қаласының қала мектерінің оқушылары мен балабақшаның бүлдіршіндері қолдады.
Осыған орай, Тәуелсіздік күні мерекесінде Шаңырақ облыстық орталығында Павлодар қаласының білім беру бөлімі, № 25 мектеп мен №10 балабақша, сонымен қатар, 25 мектептің музыка пәні мұғалімі Балкенов Жанұзақ Қорабайұлы Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында сакралды орындарды абаттандыру мен насихаттауда қосқан үлесі үшін Павлодар облысы мәдениет басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Айта кетейік, челлендждің басты мақсаты - отандастарымыздың патриоттық рухын ояту болып табылады. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың түсініктеріне қарағанда, челлендж өз мақсатына жетті деп айтуға болады.