ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас гимнастшылардың біріншілігі
19-12-2019 09:17
Жас гимнастшылардың біріншілігі

Нұр-Сұлтан қаласында өткен көркем гимнастикадан халықаралық турнирде Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 ЖОМ-нің 4 сынып оқушысы Атекеева Диана жеңімпаз атанды.

Өзінің жас жасына қарамастан Диана республикалық және халықаралық деңгейдегі марапаттарға ие болды. 2018 жылы ол Дубай қаласында Біріккен Араб Әмірлігінде өткен «Dubai International Rhytmic Gymnastics» халықаралық турниріне көркем гимнастикадан қатысып, I орынға ие болды. 2019 жылы Алматы қаласында өткен ашық республикалық турнирде І орынды, Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық жарыстарда ІІ орынды иеленді. Мектептегі сүйікті пәні математика болып табылады, бос уақытында сурет салуды және әр түрлі қолдан жасалынатын бұйымдарды дайындаумен айналысуды ұнатады.

Диана № 1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 4 жастан бастап көркем гимнастикамен айналысады. Онымен көркем гимнастикадан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Белус Елена Александровна жұмыс істейді.