Павлодар қаласының әкімі атынан Жаңа жылдық шыршаны өткізу туралы
Жыл сайын желтоқсанның аяғында қала әкімінің атынан Жаңа жылдық шыршаны өткізу дәстүрге айналды.
2019 жылғы 26 желтоқсанда сағат 15.00-де «Ертіс» қонақ үйі кешенінде қала әкімі Қ. Т. Нүкеновтің қатысуымен «Біз - еліміздің жарқын болашағымыз» атты жаңа жылдық ертеңгілік өтеді.
Шырша қатысушылары - жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар. Жаңа жыл мерекесіне қатысушылардың жалпы саны 9 - 13 жастағы 150 бала. Барлық жаңа жылға қатысатын балалар қала әкімінің атынан бағалы сыйлықтар алады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі