Педагог байқауға инновациялық технологияларды пайдалана отырып «Картина бойынша «Үй жануарлары» әңгімесін құрастыру» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспарын ұсынды. Байқаудың нәтижесі бойынша Шолпан Социалқызы «Үздік педагог» төсбелгісімен және «Өрлеу өркендеу» халықаралық ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталынды.
Шолпан Социалқызы 1 санатты тәрбиеші, еңбек өтілі 11 жыл, үнемі ізденісте болатын педагог, түрлі сайыстардың қатысушысы. 2017 жылы республикалық «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Ұлағатты ұстаз» сайысында I орын иеленді, «Ағартудан заманауи педагогикалық теория мен тәжірибеге» сайысының «Үздік іс-шара» номинациясында, «Мектепке дейінгі білім берудегі жаңашыл педагог» зияткерлік конкурсында І дәрежелі дипломмен марапатталды. «Бейнелеу өнері бойынша дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдану» оқу-әдістемелік құралының құрастырушысы. Тәрбиеленушілері «Жауқазын» интеллектуалдық олимпиадасының тұрақты қатысушылары және жеңімпаздары.