Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Шаңғы жарысы бойынша біріншілік
15-01-2020 14:35
Шаңғы жарысы бойынша біріншілік

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, шаңғыдан спорт шебері Коваленко Иван Ивановичті еске алуға арналған шаңғы жарысы бойынша қалалық жарыстарға дене шынықтыру мұғалімі Дьяченко Владимир Александрович және Павлодар қаласының К. Макпалеев атындағы ЖОМ сынағынан тыс 4 оқушы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Владимир Александрович 10 км қашықтықта конькилік жүріспен І орынға ие болды. Ол спорттың әр түрі бойынша қалалық, облыстық, республикалық жарыстардың тұрақты қатысушысы болып табылады. 2018 жылы шаңғы жарысы бойынша облыстық чемпионатта III орын, 2019 жылы жеңіл атлетика бойынша облыстық жарыстарда - 200 м жүгіруден I орын, 200 м эстафеталық жүгіруден II орын, жеңіл атлетика бойынша қалалық жарыстарда - 200 м жүгіруден I орын алды.

Шаңғы жарысынан мектеп оқушылары 4 жүлделі орынға ие болды - 1 км конькилік жүріспен абсолюттік есепте II орынға 11 сынып оқушысы Михайлов Иван, IV орынға 7 сынып оқушысы Яницкий Артем, IX орынға 8 сынып оқушысы Пестерев Иван, X орынға 8 сынып оқушысы Жамиева Диана ие болды.

Жарыс 12 қаңтарда «Зеленая роща Ертіс» шаңғы базасында өтті. Облыстың дене шынықтыру Федерациясымен өткізілді. Ардагерлер, чемпиондар, әуесқойлар, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері арасынан 100-ден астам шаңғышылар қатысты.