Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептері «SnowmenFight 2020» ең ерекше аққаланы мүсіндеу бастамасын қолдады
16-01-2020 09:03
Қала мектептері «SnowmenFight 2020» ең ерекше аққаланы мүсіндеу бастамасын қолдады

Қазақстандағы еріктілер жылына арналған «SnowmenFight 2020» ең ерекше аққаланы жасауға арналған бұқаралық шығармашылық конкурсқа Павлодар қаласының № 34, 29, 24, 22, 23, 16, 20, 19, Кенжекөл, Жетекші, Ертіс және Аққулы аудандары жалпы орта білім беру мектептерінен, 25 жоғары оқу орындарынан, колледждерден, лицейлерден 125 оқушы мен студент қатысты.

Университет алдындағы алаңда 100 авторлық аққала жасалып, олардан «Volunteer 2020» жазуы құрастырылды. Аққалалар өте креативті шықты.

«Аққалалар шайқасы» конкурсының қорытындысы бойынша III орынды Павлодар қаласының № 34 ЖОМ-ның «Добровольные осадки» командасы иеленіп, 15 мың теңгеге сертификат алды. Сондай-ақ, барлық командаларға жұбаныш сыйлығы ретінде Павлодардағы кез-келген мұз айдынында тегін сағаттық сырғанау сертификаттары табысталды.

Жарысты Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Инновациялық Еуразия университеті ұйымдастырды. Облыстық конкурс алғаш рет өткізілді және келешекте жыл сайын өткізілетін болады.