Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Үздіктердің үздігі
16-01-2020 18:23
Үздіктердің үздігі

2020 жылдың 15 - 16 қаңтарында Алматы қаласында өткен «Педагогикалық идеялар фестивалі - 2020» республикалық байқауға облыс командасынан 16 қатысушы, оның ішінде 9 педагог Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінен ұсынылды.  Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша барлық 9 мұғалім жүлделі орындарға ие болды, II орынды - 4 педагог, III орын - 2 педагог алды, алғыс хатпен - 1 педагог, 2 педагог грамотамен марапатталды.

II орынға № 34, 21 мектептердің дене шынықтыру мұғалімдері Мейрам Кәрімұлы Сқақов, Татьяна Александровна Алексеенко, М. Әуезов атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Юлия Алексеевна Безрукова, № 29 ЖОМ информатика мұғалімі Анна Викторовна Скляренко ие болды.

III орынды № 25 ЖОМ музыка мұғалімі Назгүл Қырықбайқызы Асылбекова, № 3 балабақша тәрбиешісі Наталья Александровна Крюкова иеленді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының алғыс хатымен № 26 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сарсикеева Сулия Каировна марапатталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен № 21 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Әсия Баяхметқызы Оспанова, № 16 лицей-мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Сәбитқызы Қабдракишева марапатталды.

Олар «Педагогикалық бастамалар - 2019» байқауының қалалық және облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады. 52 қалалық және 23 облыстық кезеңнің қатысушылары ішінен шығып отырған ұстаздар.