2020 жылы 16 қаңтарда дарынды балаларға арналған Omliot көп бейінді лицей-интернатында «Ақберен» облыстық байқауында қала намысын 6 оқушы, байқаудың қала кезеңінің жеңімпаздары қорғады. «Шешендік өнер» № 17 ЖОМ 9 сынып оқушысы Сартай Гулим, «Ұлттық аспапта ойнау» - № 35 ЖОМ 9 сынып оқушысы Нуркаев Адилжан, «Ақындар мүшәйрасы» - № 24 ЖОМ 11 сынып оқушысы Колтай Максат, «Шығарма» - № 25 ЖОМ 11 сынып оқушысы Мырзатаева Дильназ, «Көркем сөз оқу» номинацияларына № 17 ЖОМ 8 сынып оқушысы Галымжан Айбек, № 37 ЖОМ 9 сынып оқушысы Нуралиева Данара қатысты.
Облыстық байқау қорытындысы бойынша I орынға - 1 оқушы, II орынға - 2 оқушы ие болды.
«Көркем сөз оқу» номинациясының жеңімпазы Галымжан Айбек, наурыз айында Маңғыстау қаласында өтетін «Ақберен» республикалық байқауына қатысады. Байқауда ол «Қобыланды батыр» эпосын жатқа мәнерлеп оқып шықты.
ІІ дәрежелі дипломмен «Ақындар мүшәйрасы» номинациясында Колтай Максат, «Шығарма» номинациясында Мырзатаева Дильназ марапатталды.
Облыстық байқауға облыстың мамандандырылған мектебі мен жалпы білім беру мектептерінің 8 - 11 сыныптың 103 оқушысы қатысты.