2020 жылғы 30 қаңтар - 4 ақпан аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2020» қалалық байқауын өткізеді.
2020 жылдың 30 қаңтарында сағат 9.00 - 17.00 № 29 ЖОМ (Катаева, 22) I кезең - Pitch - «Педагог-жаңашыл» презентациясы өтеді.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2020 жылдың 3 - 4 ақпан аралығында сағат 8.00 - 13.00 дейін № 29 ЖОМ (Катаева, 22) «Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2020» - «Ашық сабақ» (бейтаныс сыныпта ашық сабақтар) қалалық конкурсының ІІ кезеңін өткізеді.
4 ақпан күні сағат 17.00-де байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау өтеді.
Байқаудың мақсаты - педагогикалық жұмыс тәжірибесін тарату, ынталандыру, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін қолдау болып табылады.
Қалалық байқауға қатысуға қаланың 23 жалпы білім беретін мектептерінен 23 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өтініш білдірді (№ 1, 2, 5, 6, 9, 14, 15, 17, 20, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 29, 30, 32, 34, 35, 38, 39, 43). 0 - ден 3 жылға дейін жұмыс өтілі бар мұғалімдер - 5 адам, 4-тен 10 жылға дейінгі - 8 адам, 11 жылдан 30 жылға дейінгі өтілімен - 10 адам қатысушылар болып табылады.
Қазылар алқасының құрамында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің өкілдері, қала мектептерінің мұғалімдері болады.
«Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2020» байқауының жеңімпаздары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталады.
Байқау жыл сайын өткізіледі. 2018 жылы қалалық, облыстық және республикалық конкурстардың жеңімпазы № 28 ЖОМ мұғалімі Давыдова Светлана Ивановна болды, 2019 жылы Федотов Александр Васильевич № 36 ЖОМ мұғалімі қалалық, облыстық конкурстардың жеңімпазы және республикалық конкурстың лауреаты атанды.
Павлодар қаласы білім беру бөлімі