ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлттық ойындар фестивалі
29-01-2020 09:36
Ұлттық ойындар фестивалі

   «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Павлодар қаласының № 33 ЖОМ-да 2020 жылдың 25 қаңтарында ұлттық ойындар фестивалі өтті. Мақсаты - қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және өз мемлекетінің өткен тарихын, ұлттық мәдени құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл шараға 200-ден астам мектеп оқушылары, қонақтар, ата-аналар қатысты. Мерекеде қонақтарды жоғары сынып оқушылары дәстүрлі «шашу» ұлттық киімдерімен қарсы алды.

Фестиваль 6 спорт алаңдарында өтті: қазақша күрес, жаяу көкпар, асық ату, бестас, арқан тарту, тоғызқұмалақ. Дене шынықтыру мұғалімдері әр алаңның тек жарыс орны ғана емес, сонымен қатар ұлттық спорт түрлерінде ерекше, танымды болуы үшін қамданды. Фестиваль туралы өз әсерлерімен дене шынықтыру және спорттың еңбек сіңірген қызметкері, қазақша күрес жаттықтырушысы, Ленин кентінің ардагерлер кеңесінің мүшесі Жеткербаев Жұмабай: «Балаларға үлкен қозғалыс тән, сондықтан олар қозғалмалы ойындарды өте жақсы көреді. Қазақ ұлттық күресі халық арасында үлкен танымалдыққа ие. Мен үшін бүгінгі фестиваль нағыз мереке» деп өз ойымен бөлісті. Жолдаспаев Серік Қайниденұлы, заңгер, қоғам қайраткері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жанындағы арнайы мониторингтік топтың мүшесі ойын және спорттың ұлттық түрлерін одан әрі ілгерілету және танымал ету қажеттігін атап өтті.

Фестиваль ойындарында оқушылар күш, ептілік пен шыдамдылықты ғана емес, командада жұмыс істей білуді көрсетті, жеңіске жеткендері үшін қуанды. Мектепте тоғызқұмалақ, қазақша күрес, алтын асық үйірмелері жұмыс істейді, оған 250-ден астам оқушы қатысады. Олардың ішінде 2020 жылғы облыстық турнирлердің жеңімпаздары - Каймолдинова Диляра, тоғызқумалақ бойынша 6 сынып оқушысы, Уахит Шынгизхан, бес тас бойынша 8 сынып оқушысы, Ақан Амангельды, асық ату бойынша № 32 ЖОМ 6 сынып оқушысы, Аманжол Алижан, қазақша күрес бойынша 35 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 4 сынып оқушысы, Түсіпов Амирхан, қазақша күрес бойынша 26 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 4 сынып оқушысы, Уахитов Ерасыл, қазақша күрес бойынша 30 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 4 сынып, жаяу көкпар ойынында - 3 сынып, арқан тарту ойынында - 6 сынып иеленді. Мектепте барлығы 852 оқушы оқиды, әртүрлі спорт түрлерімен 90% айналысады.