ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың барлық 4 оқушысы республикалық байқауда жүлделі орындарға ие болды
29-01-2020 17:11
Қаланың барлық 4 оқушысы республикалық байқауда жүлделі орындарға ие болды

«Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының XV Республикалық байқауының финалына  Қазақстанның жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 1 - 7 сыныптың  600 оқушы  қатысты. Павлодар облысының командасы атынан 29 оқушы, сонымен қатар Павлодар қаласының № 21, 25, 29, 43 мектептерінің  4 оқушысы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша  қаланың барлық 4 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.

I орынға «Көзі нашар көретін адамдарға арналған ардуин-лего білезік» жобасы үшін №25 ЖОМ 3 сынып оқушысы Қонақбай Асайн, «Минеральные богатства на примере Павлодарской области» жобасы үшін № 43 ЖОМ 4 сынып оқушысы Реснянский Елисей ие болды.

II орынға «Қағаз қалдықтарынан бизнес көзін жасау» жобасы үшін № 29 ЖОМ 4 сынып оқушысы Апсалямов Арлан ие болды.

III орын «6 және 7 жастағы балалардың мектепке дайындығы» жобасы үшін № 21 ЖОМ 3 сынып оқушысы Қайрбек  Маржанға берілді.

Байқау 2020 жылы 27 - 29 қаңтар аралығында Ақмола облысы Щучинск қаласында «Балдаурен» Республикалық оқу-әдістемелік орталығында өткізілді. Байқаудың бағдарлама аясында қатысушыларға Щучинск-Боровой шипажай аймағына саяхат ұйымдастырылды