ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тиімді менеджмент: мектепке дейінгі ұйым басшысы үшін жаңа формациядағы қайта жүктеу
30-01-2020 09:22
Тиімді менеджмент: мектепке дейінгі ұйым басшысы үшін жаңа формациядағы қайта жүктеу

      «Тиімді менеджмент: мектепке дейінгі ұйым басшысы үшін жаңа формациядағы қайта жүктеу» жобасы аясында 2020 жылдың 29 қаңтарында № 104 балабақшада «Балабақша жұмысына проблемалық - бағдарланған талдау жүргізу дағдыларын меңгеру бойынша басшы кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту, SWOT-талдау түріндегі қорытындыларды жинақтау, даму бағдарламасы негізінде жұмысты перспективалық жоспарлау бағыттары мен мазмұнын талқылау» тақырыбы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың жас басшыларының кезекті стратегиялық сессиясы өтті. Сессия модераторлары: Г. Ш. Шиндлярская, Н. Қ. Нұрғалиева,  Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері. Стратегиялық сессияның мақсаты - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасын талдау мен жоспарлаудың ұйымдастыру - әдістемелік аспектілері бойынша білімді өзектендіру.

Г. Ш. Шиндлярская сессия тыңдармандарына сессияның теориялық бөлімінде даму бағдарламасын әзірлеу кезіндегі талаптарға, даму бағдарламасының алгоритмі мен мазмұнын құру процедурасына, мақсатты индикаторларды бөлуге және олардың орындалуына қатысты аса өзекті мәселелер бойынша түсініктеме және жауаптар берілді.

Практикалық қызметте жас басшылар топтарда жұмыс істей отырып, өздерінің мектепке дейінгі ұйымдарының даму бағдарламаларының құрылымдық бөліктерінің қойылатын талаптарға сәйкестігіне талдау жасады.

Семинарға қатысушыларға электрондық тасымалдағышта әдістемелік ұсынымдар, құжаттарды толтыру үлгілері түрінде үлестірме материалдар ұсынылды. Семинар интерактивті форманы - аудиториямен ашық диалогты қолдана отырып өткізілді. Семинарға қатысушылар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасын әзірлеумен байланысты сұрақтарға сауатты және толық жауап алды.