ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар да қазақ тілі бойынша олимпиада да 116 оқушы жарысты
30-01-2020 14:58
Павлодар да қазақ тілі бойынша олимпиада да 116 оқушы жарысты

2020 жылы 29 қаңтарда Б. Момышұлы атындағы мектепте Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Жарқын болашақ» республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі  өткізілді.  5 номинация бойынша Павлодар қаласының 25 жалпы білім беру мектептерінің 7 - 11 сыныптың 116 оқушысы қатысты. «Олимпиаданың мақсаты мемлекеттік тілді дамыту,талантты оқушыларды қолдау болып табылады,ең жақсы оқушылар облыстық деңгейде жақсы нәтиже көрсетеді деп ойлаймын», - деді орталық басшысы Ақмарал Мухаметжанова.

«Бейнелеушілер» номинациясында оқушылар қазақ әдебиетінің берілген тақырыбына комикс жанрына суреттер ұсынды және сурет салды. Номинацияның  I орыны № 34 ЖОМ 9 сынып оқушысы Дедов Ярослав (орыс тілінде оқитын), Б. Момышұлы атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Серік Нұрғаным (қазақ тілінде оқитын) берілді. II орынға № 1, 33 ЖОМ оқушылары, № 20 мектеп-лицей, III орынға - № 17, 21, 37, 40 ЖОМ оқушылары ие болды. № 19 ЖОМ Павлодар қаласының Құрмет грамотасымен  марапатталды.

«Білгірлер бәйгесі» номинациясында қатысушылар қазақ тілінен білімдерін көрсетті, қазақ тілі және әдебиеті бойынша жұмбақ шешті, олармен берілген жаңылтпаштарды айтты. Номинацияның  I орыны № 33 ЖОМ 7 сынып оқушысы Кендиров Қазбекке (қазақ тілінде оқитын) берілді. II орынға № 2 ЖОМ, № 20 лицей-мектебі оқушылары, III орынға  № 2, 7, 19, 38 ЖОМ, К. Бекхожин атындағы мектеп оқушылары ие болды. № 25 ЖОМ Құрмет грамотамен марапатталды.

«Сөз шеберлері» номинациясында оқушылар әдеби сөзге үлкен қызығушылық танытты,өздерінің шығармашылық мүмкіншілігін ашты,тыңдармандарға қазақ тілінің көркемдігін жеткізе алды. Номинацияның I орыны № 21 ЖОМ 11 сынып оқушысы Жумабекова Джамиляға (қазақ тілінде оқитын), Жетекші ЖОМ 11 сынып оқушысы Пичугина Васелина (орыс тілінде оқитын) берілді. II орынға № 19, 34, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ, III орынға № 1, 29, 37, К. Макпалеев, К. Бекхожин атындағы ЖОМ ие болды. № 17, 43 ЖОМ Құрмет грамотамен  марапатталды.

Олимпиада жеңімпазы Жетекші ЖОМ 11 сынып оқушысы Пичугина Васелина олимпиаданың «Сөз шеберлігі» бағыты бойынша  қатысты. № 21 ЖОМ 11 сынып оқушысы Жумабекова Джамиля олимпиада да Мұхтар Шахановтың «Отырар» өлеңін жатқа оқыды. «Әнші - бұлбұлдар» номинациясында қатысушылар  қазақ халық өлеңдерін және қазақ композиторларының шығармасын ұсынды. Номинацияның I орыны № 25 ЖОМ 10 сынып оқушысы Мажитова Аделя (қазақ тілінде оқитын), К. Макпалеев атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Лисина Алинаға (орыс тілінде оқитын) берілді. II орын № 2, 5, 34, 35 ЖОМ оқушылары, III орын - № 5, 33, 36, 39, Б. Момышұлы, № 20 лицей-мектебінің оқушыларына берілді. № 29, 37 ЖОМ Құрмет грамотамен марапатталды.

«Жас қаламгер» номинациясында қатысушылар берілген тақырыпқа эссе жазды. I орын № 36 ЖОМ 7 сынып оқушысы Кабдулла Ихсан орыс тілінде оқитын), № 7 ЖОМ 9 сынып оқушысы Ещанова Аружан (қазақ тілінде оқитын) берілді. II орын Б. Момышұлы, № 36, 33, 21 ЖОМ, III орын -  № 7, 19, 25, 34, 40 ЖОМ оқушыларына берілді. Осыған дейін менің  Абай оқулары  және Машхұр Жүсіп оқуларының жүлделі орындары бар, - дейді  Ещанова Аружан.

I орын алған оқушылар 2020 жылдың ақпан айында облыстық байқауға қатысады.