ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық байқауда жас бишілердің гран-приі
03-02-2020 09:21
Халықаралық байқауда жас бишілердің гран-приі

2020 жылы 25 қаңтарда Естай атындағы ҚМС «ZHULDYZ ART MUSIC FESTIVAL» ашық халықаралық байқауына Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Қарағанды, Семей қалаларының балалар көркемөнер ұжымдары мен 500-ден астам балалары, оның ішінде Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 бейіндік мектебінің «Мәдени революция» 2 би тобы қатысты. Байқаудың ұйымдастырушылары республикалық, халықаралық байқаулардың ұйымдастырушысы, Оңалбай Ляззат Әлімханқызы, композитор, С.Торайғыров атындағы университеттің профессоры, Назымбек Дүкенбай, Қазақстанның еңбек сіңірген балетмейстер-хореографы, Беков Нұрлан болып табылады. Байқау 3 номинация бойынша өтті: «Вокалдық өнер», «Аспаптық өнер», «Хореографиялық өнер».

Байқаудың қорытындысы бойынша «Хореографиялық өнер» номинациясы бойынша орта жас санатында қытайлық «Ханами» биі үшін «Мәдени революция» тобы Бас жүлдені жеңіп алды, кіші жас санатында мәнерлі үнді биі үшін І орынды кіші топ иеленді. Мектеп би үйірмесінің жетекшісі, Мельнова Олеся Александровна балалардың дарындылығын дамытуға қосқан үлесі үшін, жоғары кәсіпқойлығы үшін «Алғыс хат» алғыс хатымен марапатталды. Кәсіби қазылар алқасы жас бишілердің шеберлігін, жарқын костюмдерін және халық билерінің тамаша орындалуын атап өтті. «Менің есімде «ZHULDYZ ART MUSIC FESTIVAL» өте жарқындылығымен есте қалды. Менің ойымша, барлық ұжымдар лайықты өнер көрсетті, бірақ біздің дайындық пен қажырлы еңбегіміздің арқасында біз алға шықтық», - деп ,би ұжымының жетекшісі, Олеся Александровна атап өтті.

21 оқушыдан тұратын ересек би тобы мектепте 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, 20 бірінші сынып оқушыларынан құралған кіші топ топта бірінші жыл жаттығады. «Мәдени революция» тобы 2019 жылы «Жаңа жылдық DREAMFEST» халықаралық байқауында халықтық-сахналық үнді биі үшін гран-при, «Би Бала» хореография бойынша халықаралық байқауында І орын, «Күз. Балалар. Бақыт» республикалық шығармашылық фестиваль-байқауында ІІ орынды иеленді.