ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарда Әл-Фараби мерейтойына математикалық турнир арналды
03-02-2020 10:00
Павлодарда Әл-Фараби мерейтойына математикалық турнир арналды

Дарынды балаларға арналған облыстық көпбейіндік лицей-интернатында философ және математик Әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналған «Гонка за лидером» V турнирі өтті. Ол осы оқу мекемесіндегі математика апталығының қорытынды шарасы болды. Оған дәстүрлі алтыншы сынып оқушылары қатысады. 5 жылда  турнирдің қатысушылар саны да өсті, егер 1-ші жылы 8 мектеп қатысса , биылғы жылы  25 мектеп қатысты.

Сараптама тобының төрағасы  және  ойын сұрақтарының авторы олимпиядалық резерв мектебінің жаттықтырушысы, профессор, математика ғылымдарының кандидаты  Борис Горшков. Математикалық сайыстар дәстүрлі болып бара жатыр, көп қатысушылар «бәйгені»  шыдамсыз күтуде. Өткен жылы кубок иегері Павлодар қаласының № 34 мектеп командасы алды, биылғы жылы № 9 гимназия-мектебіне тиді. «Мен осы шараға бірінші қатыстым, біз, расында  бәйгеге сияқты  жеңіске  шықтық. III орын алсақ та, бәрібір осы жетістікке қуаныштымыз. Біз 25 команда-қатысушыларының үш жеңімпаздарының біріміз», - деп бөлісті № 17 ЖОМ оқушысы Алексей Катышев.