ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әбіш Кекілбаев шығармалары бойынша облыстық оқулардың жүлдегерлері
03-02-2020 12:22
Әбіш Кекілбаев шығармалары бойынша облыстық оқулардың жүлдегерлері

Еліміздің мемлекеттік және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев шығармашылығына арналған, «Әбіш оқулары» облыстық байқауының қорытындысы бойынша  облыстың 22 оқушысы жүлдегер және жеңімпаз атанды,оның ішінде І орынға 4 оқушы, ІІ орынға - 7, ІІІ орынға  11 оқушы ие болды, оның қатарында Павлодар қаласының № 35 мектебінің 2 оқушысы. «Әбіш Кекілбаев шығармашылығына иллюстрация» бағытында 9 сынып оқушысы Рахатбек Азиза ие болды. Азиза кішкентай кезінен сурет бойынша байқауларға, театралдық қойылымдарға  қатысады. «Жазушының шығармашылығынан үзінді мәнерлеп оқу» бағытында  7 сынып оқушысы Жанабай Айдана ие болды. Ол мектеп өміріне белсене қатысады, вокал, хорегорафиямен шұғылданады.

Байқау облыстың білім беру басқармасы қосымша білім беру бөлімі «Ертіс дарыны» аймақтық оқу-әдістемелік орталығымен 2020жылғы 30 қаңтарда № 35 ЖОМ өткізілді. Облыстың 5 мамандандырылған мектебі мен 3 аудан,қаладан 80 оқушы қатысты. Ережеге сәйкес байқау 4 бағыт бойынша өтті.