ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық каратэ-до WKF жарысындағы жігерліктердің жетістігі
04-02-2020 09:11
Халықаралық каратэ-до WKF жарысындағы жігерліктердің жетістігі

     Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері облыс құрамасымен 2020 жылдың 25 - 26 қаңтар аралығында Қарағанды қаласында халықаралық каратэ-до WKF бойынша «Жаттықтырушыларды еске алуға арналған» жарысқа қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жігерліктердің қоржыны 2 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен толықты.

I орын 14 жастан жоғары ұлдар арасындағы ката Оспанов Фархат, «Жігер» клубының қосымша білім беру педагогі, қара белбеу иегері, 14 жас және одан жоғары қыздар арасында - Проскурина Валерия, № 9 ЖОМ 10-сынып оқушысы. II орынды 14 жастан жоғары ұлдар арасындағы ката Парняков Дәуіт, № 36 ЖОМ 8-сынып оқушысы, қыздар арасында 8 - 9 жас аралығында Беневская Анжелика, № 4,  2 сынып оқушысы, III орын салмағы +54 келі 16 - 17 жас қыздар арасында - Парняков Дәуіт, № 36 ЖОМ 8-сынып оқушысы (жаттықтырушысы Никитин В. Н., Дәстүрлі каратэ-до және кобудо  бойынша облыс федерациясының президенті, қара белбеу ІІ дан).

II орын, салмағы +40 кг 10 - 11 жас аралығындағы ұлдар арасында - Кабдылбари Адилет, № 17 ЖОМ 5 сынып оқушысы, ІІІ орын, ката 8 - 9 жастағы ұлдар арасында Жауда Алдияр, № 12 ЖОМ 3 сынып оқушысы, Бекежан Даулет, № 37 ЖОМ 7-сынып оқушысы, 10 - 13 жас ұлдар арасында - Гусманов Қамали, № 4 ЖОМ 6 сынып оқушысы, 40 келіде ұлдар арасында 10 - 11 жастағы - Гусманов Қамали, № 4 ЖОМ 6 сынып оқушысы (жаттықтырушы Оспанов, Ф. М., спорт шеберіне үміткер, қара белбеу, I дан, «Жігер» клубының педагогі).

III орын, салмағы +30 кг 10 - 11 жастағы ұлдар арасында - Дамир Жақыпов, № 19 ЖОМ 4 сынып оқушысы, (жаттықтырушы Минин О. К., спорт шеберіне үміткер, қара белбеу, I дан, «Жігер» клубының педагогі).