ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас домбырашылардың күй орындауы
04-02-2020 10:12
Жас домбырашылардың күй орындауы

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2020 жылғы 31 қаңтарда Кенжекөл ауылының мәдениет үйінде Павлодар қаласының білім беру бөлімі Кенжекөл ЖОМ-мен бірлесіп «Күй тартыс» қалалық байқауын өткізді. Мақсаты - қазақстандық патриотизмді, белсенді азаматтық ұстанымды, өз Отанын сүюге, ата-бабалар мұрасын жақсы білуге мүмкіндік беруге шақыру. Байқауға Кенжекөл ЖОМ-нан 60 оқушысы, Кенжекөл ауылының балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері, № 38 ЖОМ оқушылары, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері қатысты.

Байқаудың ашылуына Кенжекөл ауылдық округінің әкімі Серік Ниязбекұлы Шуақбаев қатысты. Қазылар алқасының құрамында Қазақ халық аспаптары бөлімінің меңгерушісі Кайшанов Нұрлан Бақытұлы, Павлодар қаласы балалар музыка мектебінің домбыра мұғалімі Садвокасова Қапиза Сағадатқызы, М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Мұрагер» домбыра үйірмесінің педагогы Райымбеков Қуаныш Егеубайұлы жұмыс істеді.

Байқау екі турдан тұрды - өздерінің сүйікті күйлерін орындау және музыкалық жекпе-жек. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені № 38 ЖОМ-ның 7 сынып оқушысы, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі Рамазан Махамбет иеленді. Тәрбиеленушіні қосымша білім беру педагогы Акимбаев Елдос Аннажарович дайындады. Рамазан домбырада Төлеген Момбековтың «Салтанат» күйін орындады.

I орын - 5 сынып оқушысы Бейсенбай Жансая, II орын - 6 сынып оқушысы Жұманғазы Дилназ, III орынды - 6 сынып оқушысы Беркимбаева Сабина, оқушылар Павлодар қаласы балалар музыка мектебінде оқиды. Жансая домбырада Құрманғазы Сағырбайұлы «Адай» күйін орындады. Ол музыка мектебінде 8 жастан бастап домбыра сыныбы бойынша оқиды.