ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту
05-02-2020 10:05
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту

Білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту аясында тәрбиешілерге арналған  тұрақты жұмыс істейтін семинарлар циклін жоспарлады. Бүгінгі күні 9 семинардың «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартудың өзектілігі мен маңыздылығы», «Бағдарламаның түйінді идеялары» тақырыбындағы семинарлар өткізілді. Мақсаты - тәрбиешілердің кәсіби шеберліктерін қалыптастыру және жетілдіру.

«Бағдарламаның түйінді идеялары» тақырыбындағы семинарда қала балабақшаларының педагогтары бағдарламаның түйінді идеяларымен танысып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында енгізілген өзгерістерді, білім беру үдерісіне 4К-моделін енгізу, бағытталған білім беру үдерісін жетілдіру, мектепке дейінгі жастағы балалардың әлеуметтік дағдыларының негіздерін дамыту, балалардың сыни ойлау, креативтілік, коммуникация, үйлестіру дағдыларын қалыптастыру және дамыту сұрақтарын талқылады. Семинар сертификатталған тренерлер: Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері К. М. Рахымжановамен, № 29 сәбилер бақшасы «Мерей» білім беру-дамыту орталығының әдіскері Д. К. Тоғанбековамен, № 11 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Е. Н. Беркетовамен жүргізілді. Каскадтық жүйе бойынша 33 қатысушы тәрбиеші педагогикалық сағаттарда және педагогикалық кеңестерде семинарда алған білімдерімен  балабақшадағы әріптестерімен бөлісетін болады.