ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі жастағы балалармен түзету жұмысының және оқу-тәрбие қызметінің ерекшеліктері
05-02-2020 17:17
Мектепке дейінгі жастағы балалармен түзету жұмысының және оқу-тәрбие қызметінің ерекшеліктері

«Арнайы мектепке дейінгі мекемелер жағдайында мемлекеттік стандартты іске асыру» атты қалалық семинар 2020 жылдың 5 ақпанында Павлодар қаласының білім беру бөлімімен сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған түзету үлгісіндегі № 14 сәбилер бақшасында өткізілді. Қала балабақшаларының 30-дан астам педагогтары қатысты.

Семинар-практикумның бағдарламасы 4 бөлімнен тұрды: пленарлық бөлімде балабақша басшысы Г. К. Жұмабекова және әдіскер Ж. Т. Ильясова балабақшаның түзету жұмысы мен оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктерін көрсетті.

    Практикалық бөлімінде тәрбиешілер И. В. Цветкова, Ф. Ы. Шойынбаева, Г. А. Ахметова, А. К. Қожасова, логопед-мұғалім Ж. Е. Кисенова авторлық технологияларды пайдалана отырып, балалармен тәжірибелік сабақтар өткізді.

Мұғалімдер Ф. Т. Макеева, М. Д. Қожанова,  А. Н. Боташева, Ю. Ю. Пастушенко өзінің сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен түзету жұмыстарының инновациялық тәжірибесін ұсынды.

Семинар соңында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Н. Қ. Нұрғалиева педагогтарға арнайы және инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базасын ұсынды, семинар-практикумға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар тапсырды.  Өз жұмысында одан әрі пайдалану үшін қатысушыларға әзірленген және бейімделген жұмыс бағдарламалары, көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыс жасаудың әртүрлі технологияларымен әдістемелік құралдары бар көрме ұсынылды.