ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Стратегиялық жоспарлаудың дағдыларын қалыптастыру
06-02-2020 18:21
Стратегиялық жоспарлаудың дағдыларын қалыптастыру

«Директор мектебі» шеңберінде жалпы білім беретін мектептің даму бағдарламасын әзірлеу және талдау мәселесі бойынша тәжірибелік зертхана жұмысы жалғастырылды.

2020 жылғы 6 ақпан күні № 34 ЖОМ-да Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесіп «Мемлекеттік басымдықтарға сәйкес білім беру бөлімі қызметін жаңарту векторы ретінде білім беру бөлімінің дамыту бағдарламасы» мәселесі бойынша кезекті семинар-практикум өткізді. Мектеп жұмысына 42 қала мектептерінің оқу-тәрбие және ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасарлары мен басшылары қатысты.

Семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарма бастығы Г. Қ. Құрманова қатысты. Ол «Мектеп қызметінің проблемалық - бағытталған талдауы (жағдайды талдау): шешу тәсілдері» атты тақырыбымен сөз сөйледі.

Тәжірибелік зертхана форматындағы топтық жұмыста қатысушылар қала мектептерін дамыту бағдарламасының негізгі құрылымдық компоненттеріне талдау жасады. Проблемалық - бағдарлы талдаудың барысында қатысушылар SWOT-талдаудың өз мекемесінің анықталған проблемаларына сәйкестігін анықтауды үйренді.

Жалпы білім беретін ұйымдардың болашақ жағдайының қалаулы концепциясын талдай отырып, мектеп басшылары тұжырымдаманы болжаудың нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігін анықтады: Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы», «2020 - 2025 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы», қала мен облыс дамуының стратегиялық бағыттары.

Практикумның қорытынды кезеңінде даму бағдарламасын іске асыру өнімділігін талдау барысында семинарға қатысушылар бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мақсатты индикаторлар мен көрсеткіштердің жеткіліктілігі мен оңтайлылығын бағалауға ұшырады. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде даму бағдарламасы жалпы білім беру ұйымдарының стратегиялық, бағдарламалық - мақсатты басқару позициясына енген және өзінің инновациялық дамуында нақты қадам жасайтын басты стратегиялық басқару құжаты болып табылады.

Жалпы білім беру ұйымдарының басшысы мемлекеттік білім беру саясатының «жолсерігі» болып табылады және өзінің басқару қызметінде оның басымдықтары мен нақты білім беру практикасына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының даму стратегиясын құруы тиіс. Семинар-тренинг «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру және жаңартылған стандарттарды енгізу жағдайында мектеп басшыларының басқару мәдениетін арттыруға ықпал етеді.