Салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді өмір сүру ұстанымын қалыптастыру мақсатында 2020 жылдың 6-ақпанында Павлодар қаласының № 24 сәбилер бақшасында тәрбиеленушілер, олардың ата-аналары және де тәрбиешілердің қатысуымен «Қысқы үлкен жарыстар» спорттық іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара 12 жыл бойы «Әрқашан отбасы мен балабақша бірге! Бірге болсақ, жетеміз тек жеңіске!» атты ұранмен өткізіліп келеді.
Жарыс 2 кезеңде өтті: балабақша аумағында және қарлы алаңда. Жарысуға 2 команда шықты: «Стрела» және «Максимум». 6 алаңқайларда командаларға жүгіретін, секіретін қызықты конкурстар, шаңғымен жарысу, арқан тартысатын жарыстар ұсынылды, мұнда олар өздерінің спорттық қабілеттері мен дағдыларын көрсете білді. Балалар мен ата-аналардың өз командасы үшін жеңіске жетуге деген спорттық жалыны мен ынта-жігерінің болғаны соншалық, олар айналада болып жатқан жағдайды байқамады. Барлығы да мәреге бірінші болып жетуге бар күштерін салды.
Іс-шара қорытындысы бойынша жеңіске «Стрела» командасы жетті. Сондай-ақ әр қатысушы «Ең жылдам», «Ең епті», «Ең белсенді» атты номинацияларда медальдармен марапатталды. Өздерінің көңіл-күйлерімен және алған әсерлерімен таза ауада тәтті де жылы шай іше отырып, бөлісті.