2020 жылғы ақпан айында Омбы қаласында өткен Мұз кубогы үшін киокушинкай карате бойынша халықаралық турнирде № 34 инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы Мельцер Владислав өзінің жеңіске деген ұмтылысын көрсетіп, турнирдің чемпионы атанды.
Влад 5 жасынан бастап 4 дан қара белбеу иесі, «Нептун» клубының жаттықтырушысы Арман Амерханович Исатаевпен киокушинкай каратемен шұғылданады. Владислав - түрлі спорттық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Қалалық турнирде, Павлодар қаласының ашық чемпионатында, «Каратэ есірткіге қарсы» ашық біріншілігінде І орынды, Барнаул қаласында өткен Еуразия кубогы үшін халықаралық турнирде ІІІ орынды иеленді. Мектепте өзін жауапты, ұқыпты оқушы ретінде көрсете білді. Барлық пәндерді оқуға деген ынтасы зор. Мектеп олимпиадаларына қатысады. Спорттық жаттығулар барысында ол өз бойында қатынас пен тәртіпке, нәтижеге жетуге сияқты қасиеттерді қалыптастырды. Владтың айрықша ерекшелігі - оның каратедағы таланты, оның жетістіктері осыны куәландырады, осыған қарамастан оқуда да өз мақсаттарына жетуге тырысады.