Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2020 жылғы 13 ақпан күні № 5 мектепте «Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікке қарсы профилактикалық жұмыс» атты семинар-практикум өткізді. Семинар жұмысына қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 50-ден астам психологтары қатысты.
Семинар барысында медиация және құқықтық қорғау орталығының басшысы И. В. Седлецкая кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алудың құқықтық аспектілері туралы айтып, өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Дағдарыс орталығының психологы Е. А. Глотова кәмелетке толмағандарға қатысты өз-өзіне қол жұмсау мінез-құлқы мен қатыгездік пен зорлық-зомбылық мәселелерінің байланысы туралы түсінік берді. Мектеп психологы Темірханова Р. Т. отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне тоқталды. О. Б. Дубицкая мектеп психологтарының оқушыларымен өткізетін диагностикалық жұмыстарын жүргізудің түрлері мен әдістері туралы айтты.
Семинардың практикалық бөлімінде психологтар тобы кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықты және қатыгездікті болдырмау бойынша алдын алу жұмысының моделін әзірледі. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар әдістемелік ұсыныстармен бөлісті.