ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласының балабақшасы мұқтаж жандар үшін 100 килограммға дейін заттар жинады
17-02-2020 09:25
Павлодар қаласының балабақшасы мұқтаж жандар үшін 100 килограммға дейін заттар жинады

Павлодар қаласының № 102 балабақшасында ағымдағы жылдың ақпан айында «Мейірімді жүректер достастығы» атты қайырымдылық акциясы өтті. Мақсаты - аз қамтылған отбасы балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға, емдеу мекемелерінде, баспаналарда, балалар үйлерінде орналасқан балаларға көмек көрсету.

Акция 2 аптаға созылды. Балабақшаның 12 тобының әрқайсысы 40 - 50 заттан жинады, барлығы 100 килограммнан астам болды. Негізінен мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған киім мен аяқ киім, ойыншықтар мен ойындар және ересектерге арналған киімдер әкелді. 12 ақпан күні барлық жиналған заттар Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешітке тапсырылды, аталған мешіт аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдап және көмек көрсетеді. «Акцияға ата-аналар белсене қатысты, сондай-ақ көлік арқылы жиналған заттарды тасымалдауға Айжан Қанатқызы Балтина мен Азамат Қайырұлы Каликов көмектесті», - деді балабақша басшысы Илюсизова Сандығаш Қаратайқызы.