ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Орыс тілі бойынша республикалық олимпиаданың жемісі
17-02-2020 09:35
Орыс тілі бойынша республикалық олимпиаданың жемісі

2020 жылы 14 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында С. Сейфулин атындағы  Қазақ аграрлық-техникалық  университетте 10 - 11 сынып оқушылары арасында орыс тілі бойынша  республикалық олимпиадаға № 25, 37, Кенжекөл мектебінің 10 сыныптың 3 оқушысы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша барлық үш оқушы жүлделі орын алып қаланың жинағын толтырды. II орынға № 37 мектеп оқушысы Базарбаева Дильназ және Кенжекөл мектебінің оқушысы Әбілдә Рузия, III орынға - № 25 мектеп оқушысы Жангалиева Эльнара ие болды. Дильназ биология бойынша 2020 жылдың облыстық  пән олимпиадасының жүлдегері (III орын). Рузия «Адал ұрпақ» қалалық және облыстық слеті еріктілер мектеп клубының жеңімпазы (I орын), орыс тілі бойынша 8 - 11 сынып оқушыларына арналған ғылыми жобалар (Iорын), орыс тілі бойынша жалпы білім пәндері бойынша олимпиаданың жүлдегері (II орын), Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған және Ауған әскерлерін шығару 31 жылдығына арналған патриоттық өлеңдер облыстық фестивалінің жеңімпазы (I орын), қалалық оқулар жүлдегері (2018 - 2020 жылдар). Эльнара орыс тілі бойынша қалалық пән олимпиадасының жүлдегері    (2019 жыл).

Олимпиада 2 турдан тұрды - қатысушылардың лексика-грамматикалық деңгейі  біліміне  тест. Екінші  тур ситуациялық тапсырмалардан тұрды тақпақ және проза шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу дағдылары мен мақал және мәтел мағыналарын ашу іскерлігі.Олимпиада екі бағытта өтеді - қазақ тілінде оқитын мектеп оқушылары үшін орыс тілі және орыс тілінде  оқитын басқа ұлт оқушылары үшін қазақ тілі.