2020 жылы 24 ақпанда Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатында «Мәшһүр Жүсіп оқулары» көркемдік оқу облыстық байқауына, байқаудың қалалық турының жеңімпаздары, Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 4 оқушысы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 2 қатысушы жүлделі орындар алды,сонымен қатар гран-при иегері № 37 ЖОМ 9 сынып оқушысы Сурумбетова Камила, ІІІ орынға № 30 ЖОМ 9 сынып оқушысы Кенес Ажар ие болды.
Сурумбетова Камиля «Мәшһүр Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағытында орындаы. Ол қазақ тілінің стильдік және мағыналық байлығын пайдаланып,Көпеев шығармаларындағы Асан Кайғы, Шоң, Торайғыр, Шорман би образындағы мейірімділік, қарапайымдылық, адамгершілікті аша алды.
Камиля 2019 жылы қазақ тілі және әдебиеті бойынша ІІІ орын, VІІ қалалық олимпиада да І орын, облыстық Мағжан оқуларында ІІорын алды. «Абайтану» ІІ республикалық олимпиада да құрмет грамотамен марапатталды (2020 жыл).
Кенес Ажар «Білімді зерек адам болам!» десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағытында өз эссесінде «Шар кітап алты жаста ұстағаным» гуманитарлық бағыты мен әлемді философтік түсінігінің ашық үлгісін елестетін көпеев ойларының ырғағы мен тынысын аша алды. Ол «Ақберен» байқауында құрмет грамотамен марапатталды (2020 жыл), «Торайғыров оқулары» қалалық оқуларында III орын алды (2018 жыл).