ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мой робот» робототехника бойынша қалалық олимпиада туралы
25-02-2020 17:32

2020 жылы 28 ақпанда сағат 10.00 - 17.00-ге дейін Павлодар қаласының № 25 мектебінде Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Мой робот» робототехника бойынша қалалық олимпиада өткізіледі.

Қаланың 28 жалпы білім беру мектебінен 5 - 10 сыныптың 122 оқушысы қатысады.

Мақсаты – қойылған мақсатқа жету үшін робот бағдарламалау дағдыларын, инженерлік-шығармашылық және ақпараттық –коммуникативтік құзырлығын тексеру, конструктивтік қызметке қабілетті,ерекше ой игерген, бағдарламалау, робототехникамен айналысатын талантты оқушыларды қолдау.

Олимпиада 5 бағыт бойынша өтеді: «Кегельринг квадро», «Биатлон», «Робофутбол», «Лабиринт», «Сложная линия».

«Робофутбол», «Лабиринт» 2 бағытында 20 жалпы білім беру мектептерінен 9 - 10 сынып оқушылар қатарынан 25 команда жарысады.

«Кегельринг квадро», «Биатлон» 2 бағытында 22 жалпы білім беру мектептерінен 5 - 8 сынып оқушылар қатарынан 25 команда қатысады.

Алғаш рет өткізілетін «Сложная линия» бағытында, 11 жалпы білім беру мектептерінен 5 - 10 сынып оқушылар қатарынан 11 команда қатысады. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі