ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру, кедергісіз орта құру
02-03-2020 09:34
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру, кедергісіз орта құру

«Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру, мектеп пен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің өзара іс-қимылы» атты қалалық семинар-практикум Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен 2020 жылғы 27 ақпанда № 39 ЖОМ өткізілді. Мақсаты - инклюзивті білім беру мәселелері бойынша педагог-психологтардың, мұғалім-логопедтердің, мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің жас мамандарының жұмысын жетілдіру. Семинарға 100-ден астам педагог (оның ішінде 50 педагог-психолог, 23 мұғалім-логопед), 37 жас маман, қала және облыс білім беру мекемелерінің инклюзивті білім беру басшылары мен мамандары, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері қатысты.

Семинарда «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру» мәселесі бойынша білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Сәменқызы Нұрахметова, «Қаланың жалпы білім беретін мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру, кедергісіз орта үшін жағдай жасау» - Балкен Жебенқызы Ауталипова, Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» АҚ филиалының аға оқытушысы, «Оқытуды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу тәжірибесіндегі дамыту технологиялары. Білім беру кинезиологиясы» - Шумахер Ольга Викторовна, педагог-психолог, Назарбаев Зияткерлік мектебі психология қызметінің кураторы, «Инклюзивті білім беру жағдайында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері» - Құсайнова Диана Ерканқызы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің жоғары педагогика мектебінің оқытушысы, «Мектепке дейінгі балаларды оқытуға дайындау бойынша мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің өзара іс-қимыл әдістері мен формалары» - Тополь Светлана Владимировна, № 4 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатының логопед-мұғалімі, «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдай жасау» - Булгакова Елена Ивановна, № 39 ЖОМ директоры.

3 секция бойынша мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің педагог-психологтары үшін «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы» тақырыбы бойынша, модератор Сәрсембаева Элла Юрьевна, п.к., жоғары педагогика мектебінің аға оқытушысы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «Дефектология» бағдарламасының аға оқытушысы, жас мамандар үшін «Инклюзивті білім беру: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбы бойынша жұмыс жүргізді» - модератор Мельникова Юлия Геннадьевна, Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері, мұғалім-логопедтер үшін «Мектеп логопунктіндегі нормативті-құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбымен модераторлар Пшенко Юлия Анатольевна, қалалық шығармашылық топтың жетекшісі, № 26 ЖОМ педагог-логопед, Құсайынова Диана Ерканқызы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің жоғары педагогика мектебінің оқытушысы.

Семинарға қатысушылар бастауыш сынып мұғалімдері О. Н. Слива, М. А. Петрова, қазақ тілі мұғалімдері Б. Ж. Темірбаева, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері А. Т. Ибраева, педагог-психолог А. Б. Хасенова, логопед-мұғалімдері Е. В. Кошельник, білім беру бөлімінің әдіскерлері, психологтар, логопедтер, жас мамандар қатысқан сабақтарды, іс-шараларды талқылады және пікір алмасты.

Кері байланыс және қатысқан іс-шаралардың рефлексиясы онлайн режимде өткізілді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға жалпы білім беретін мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасау бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің алғыс хаттары мен сертификаттары 18 ұйым басшыларына, инклюзивті білім беруді іске асыру мәселелерінде ынтымақтастық бойынша серіктестерге, қала мектептерінің педагогтарына, № 39 ЖОМ әкімшілігі мен педагогикалық ұжымына табыс етілді.