ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мәңгілік алауы бар капсула Б. Момышұлы атындағы мектепке берілді
02-03-2020 12:46
Мәңгілік алауы бар капсула Б. Момышұлы атындағы мектепке берілді

    Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде Ұлы Отан соғысының 75-жылдығына арналған қаланың жалпы орта білім беру мектептерінің арасында «Жеңіс алауы» қалалық акциясының екінші туры өтті. Мақсаты – оқушылардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру, жас өспірімдерді қазақстандық отансүйгіш мәнерінде тәрбиелеу, соғыс әндері мен олардың соғыс жылдарындағы маңызын білу, өнерлі жастарды қолдау, көркемонерпаздардың үздік дәстүрлерін дамыту.

       Ақцияның екінші турына 100-ден астам оқушылар мен ұстаздар қатысты, № 16, 28, 30, 11, 35, 33 мектеп оқушылары өнерлерін ортаға салды. № 16 және 35 ЖОМ оқушылары өз өнерлерін миллиондаған тұрғындар өмір сүріп, өліммен соғысқан Ленинград блокадасына арнады. № 28 ЖОМ оқушылары Мәскеу жанындағы шайқас жайлы және біздің арғы аталарымыздың ерлігі туралы айтты.

       № 16, 28, 35 мектеп оқушыларының қойылымдары нәтижесі бойынша «Жеңіс алауы» акциясының финалына қатысады. Павлодар іздеушілері әкелген мәңгілік алауы бар капсула салтанатты түрде Б. Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебіне берілді. Акция 2020 жылғы ақпан айының 19-нан бастап наурыздың 25-не дейін созылады.