ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар суреттеріндегі қоршаған әлем
02-03-2020 15:45
Балалар суреттеріндегі қоршаған әлем

       Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінде Павлодар қаласының 300 жылдығына арналған «Мен әлемді бейнелеймін» атты қалалық конкурсының қорытындысы шығарылды. Көрмеге 4 - 6 жас аралығындағы қала балабақшаларының тәрбиеленушілері қатысты. Байқау тақырыбы: «Қысқы ертегі», «Қала». Байқаудың мақсаты: қоршаған ортаға, табиғатқа, бүкіл тірі табиғатқа деген махаббат пен ұқыпты қарым-қатынасты тәрбиелеу, байқағыштықты дамыту және әдемі көріністі көре білуге дағдыландыру, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Байқауға 27 балабақшадан 183 қатысушы қатысты. Қазылар алқасының құрамында Қазақстан суретшілер Одағының және Қазақстан көркемөнер Академиясының мүшелері болды.

   Жұмыстар гуашь, фломастер, пастель және түрлі-түсті қарындаштармен орындалған. Әр суретте баланың тақырыпты ашу мақсаитында  қысқы пейзаждарды, ертегілер тарихын, қала түрлерін, қоршаған ортаның әр түрлі ғажайып сюжеттерін өте қызықты шешімдер арқылы көрсетуге тырысқанын байқауға болады. Суреттерде адамдар мен жануарлардың фигуралары, өз көрінісіндегі сюжеттер көрсетілген.

    Байқау қорытындысы бойынша I орынды «Туған күніңмен, Павлодар» атты суреті үшін 5 жастағы Михаил Бутоменко (№ 116 балабақша), «Менің әлемім» суреті үшін II орын 4 жастағы Тихон Рыкунов (№ 104), III орын «Қысқы сарын» атты суреті үшін 5 жастағы Айлин Исабекова (№ 18) иеленді.

     Ерекше жұмыстары үшін дипломдар мен жүлделерге № 126 балабақшаның тәрбиеленушісі 6 жастағы Ульяна Сикач, 5 жастағы Рашида Рашит (№ 82), 5 жастағы Бела Кожушкина (№ 85), 6 жастағы София Одарчук (№ 96), 4 жастағы Анастасия Берендеева (№ 51), 4 жастағы Інжу Досымжан (№ 111), 5 жастағы Алтынай Акрам (№ 17), Дарья Ромашкина, Айзере Мусина, 5 жас (№ 8), 6 жастағы Тимофей Грюкачев (№ 14), 5 жастағы Айша Сайлаубек (№ 39) ие болды.