ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мэтрдің жас музыканттарға берген мастер-классы
03-03-2020 11:32
Мэтрдің жас музыканттарға берген мастер-классы

«Болашақтың музыкалық әлемі» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінде облыстың музыканттары және өнер қайраткерлерімен шығармашылық кездесулер өткізіледі. 1-ші кездесу 1 наурыз күні «Аль-Аки» фольклорлық ансамбльдің жетекшісі, Қазақстан Республикасның еңбек сіңірген қайраткері Жаскайрат Кайдарович Орынбаевпен болды. Мақсаты - оқушылардың облыс музыканттары және өнер қайраткерлерін білу, туған қаламыздың тарихы мен мәдениетін зерттеуге жағдай жасау, өз Отанына деген мақтаныш сезімін дамыту.

Кездесуде Жаскайрат Кайдарович «Аль-Аки» фольклордық ансамбльдің құрылуы туралы айтты. Оқушылар 15 адамнан тұратын фольклорлық-этнографиялық ұжымның ескі халық аспаптарында ойнау арқылы өткен ғасырлардағы музыка ерекшеліктерін терең бере білуімен, қазіргі музыканы да терең және нәзік лирикалық түрде орындай алатындарымен танысты. Көп алуанды ежелгі қазақ аспаптары ішінен домбыра, қобыз, қыл-қобыз, шертер, саз-сырнай, жетіген және көпке таныс аккордеон, контрабас ұсынылды.

Шығармашылық кездесуде балалар фольклоры ұжымына арналған репертуар таңдау мәселесі бойынша мастер-класс өтті. Жаскайрат Кайдарович Гаухар Аргыновна Абжанованың жетекшілігімен 2018 жылы құрылған мектептің «Серпін» фольклорлық ансамблімен танысты. Бұл аралықта ансамбль Санкт-Петербург қаласындағы «Территория  музыки - без границ» IX халықаралық фестиваль-конкурсының (2018 жыл), Мәскеу қаласындағы «Звезды столицы» балалар және жасөспірімдер шығармашылығының XVI халықаралық фестиваль-конкурсының (2019 жыл) лауреаты атанды. Кездесу нәтижесінде әрі қарай өзара серіктестік туралы келісім жасалды.