ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушылары Абай шығармаларын білуге жарысты
03-03-2020 16:06
Қала оқушылары Абай шығармаларын білуге жарысты

2020 жылы 2 наурызда «Павлодар дарын» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Абай оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Байқау мақсаты - қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Қаланың  38 жалпы білім беру  мектебінен  8 - 11 сыныптың 122 оқушысы қатысты,оның ішінде 44 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.  Оқушылар ұлы Абай  шығармаларымен таныс екендігін, оқып-білетіндерін байқауда көрсете білді.

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында Абай мен Шәкәрім шығармалары бойынша мәнерлеп оқу сайысында12 қатысушы жеңімпаз атанды. І орынды Б.Момышұлы атындағы  ЖОМ 10 сынып оқушысы Дауанов Бақберген және № 38 ЖНОМ 6 сынып оқушысы Герстенлауэр София иеленді. Олар Абайдың 60 туындысын жатқа айтты. София өзінің жас ерекшелігіне  қарамастан  ол жоғары сынып оқушыларына бәсекелестік жасай алды. ІІ орынды № 18, 31, Кенжекөл ЖОМ, № 38 НОМ оқушылары иеленді. ІІІ орынды К.Мақпалеев атындағы, № 13, 19, 25, 35 ЖОМ, №16 лицей-мектебі ие болды.

«Абайдың қара сөздері» бағытында Абайдың қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу сайысында І орынды  Қ. Бекқожин атындағы  ЖОМ 8 сынып оқушысы Аманкелді Шарапат иеленді. ІІ орынды  № 37 оқушысы иеленді. ІІІ орынды № 2 ЖОМ және № 38 НОМ оқушылары иеленді.

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытында Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу сайысында ІII орынға № 19 ЖОМ 9 сынып оқушысы Турарбекова Назерке ие болды.

«Көңілім әнді ұғады» бағытында ән мен күй орындаушылар байқауында 13 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. І орынды № 25 ЖОМ 10 сынып оқушысы Мажитова Аделия және № 39 ЖОМ 5 сынып оқушысы Синицина Валерия иеленді. Олар Шәкәрім Құдайбердиевтің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін орындады. ІІ орынды № 41, 35 ЖОМ, № 38 НОМ оқушылары иеленді. ІІІ орынды № 6, 13, 26, 2, 43, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ иеленді.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағытында жас дарындылар байқауында 6 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. І орынды № 38 ЖНОМ 8 сынып оқушысы  Абдулин Шон иеленді. Ол бірнеше рет жүлдегер және қалалық және облыстық оқулардың жеңімпазы болып табылады (2019, 2020жылдар). ІІ орынды № 37, 39 ЖОМ оқушылары иеленді. ІІІ орынды № 7, 19, Қ. Бекқожин атындағы ЖОМ оқушылары иеленді.

«Ұлылар әлемі» бағытында эссе сайысында 6 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. І орынды № 35 ЖОМ 8 сынып оқушысы Хамитова Айзада иеленді. ІІ орынды № 7, 24, 37 ЖОМ оқушылары иеленді. ІІІ орынды  № 2, 33 оқушылары ие болды.

Қалалық турдың жеңімпаздары 2020 жылы наурызда өтетін облыстық кезеңге қатысады.