ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық олимпиада да қала оқушылары үш жүлделі орын алды
03-03-2020 17:22
Облыстық олимпиада да қала оқушылары үш жүлделі орын алды

Ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында 2020 жылы 29 ақпанында «Жарқын болашақ» республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне Павлодар қаласының № 7, 21, 25,  33,  34, 36, Б. Момышұлы атындағы  жалпы білім беру мектептерінің 7 - 11 сыныптың 8 оқушысы қатысты. Олимпиада 5 номинация бойынша өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша қала  оқушыларды 3 жүлделі орын алды.

«Әнші-бұлбұлдар» номинациясында II орынды № 25 ЖОМ 10 сынып оқушысы Мажитова Аделя, олимпиаданың қалалық тур жеңімпазы иеленді. Ол облыстық олимпиада да сөзі  Исраил Сапарбаевтың, қазақ композиторы   Алтынбек Қоразбаевтың шығармасынан «Желдірме»қазақ өлеңін орындады.

«Сөз шеберлері» номинациясында III орынды Жетекші ЖОМ 11 сынып оқушысы, Пичугина Васелина олимпиаданың қалалық тур жеңімпазы иеленді. Ол Абайдың «Қара сөздері» 10 нақыл сөз жатқа оқып берді. Сондай-ақ Василина биология бойынша қалалық пән олимпиадасының жүлдегері  (2019, 2020 жылдар).

 «Жас қаламгер» номинациясында III  орынды № 36 ЖОМ 7 сынып оқушысы  Кабдулла Ихсан, олимпиаданың қалалық тур жеңімпазы иеленді. «Болашақ менің қолымда» өз эссесінде еліміздің болашағы жарқын, мықты, таза болуы  адамның, жастардың патриотизімі мен энергиясы, біліміне байланысты деп атап өтті Ихсан. Қазіргі заманда бәсекелесуге қабілетті еліміздің негізгі факторына барлық жастар мен оның ролі маңызды.