ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жастардың теріс пиғылды жалған діни ұйымдарға тартылуының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар
04-03-2020 15:09
Жастардың теріс пиғылды жалған діни ұйымдарға тартылуының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар

Білім беру бөлімі Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, 2020 жылғы 28 ақпанда Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ-да «Жастарды теріс пиғылды жалған діни ұйымдардың қызметіне тарту күдігі туындаған жағдайда мінез-құлық стратегиясы» атты семинар-тренинг өткізді. Бұл семинарға 40 ата-ана, 30 педагог және 10 - 11 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты - дін және конфессияаралық қатынастар мәселелерінде сауаттылық деңгейін арттыру, оқушыларды радикалды діни ағымдарға тарту тәуекелдерінің алдын алу.

Семинарда «Жастарды теріс пиғылды табынуларға тартудың алдын алу» мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Асанбаева Зайда Омербекқызы, «Оқушылар арасында радикалды идеологияның алдын алу әдістері» тақырыбында облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының діни экстремизм құрбандарын оңалту бөлімінің басшысы Абитова Әсия Рамазанқызы сөз сөйледі.

Семинардың практикалық бөлімінде «Үйлесімді тұлғаны қалыптастырудағы отбасының рөлі» атты тренингті Утеуова Маххабат Серікқызы, Косыгина Инна Владимировна, мектеп психологтары «Шыдамсыздыққа қалай қарсы тұру керек?» - Терлецкая Юлия Сергеевна, директордың орынбасары, Кузьгова Зарета Аланбековна, тарих пәнінің мұғалімдері өткізді.

Семинар қорытындысы бойынша облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшыларына педагогикалық және ата-аналар қоғамдастығымен жұмыс істеуге қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді. Жыл басынан Павлодар қаласының білім беру бөлімі жалпы білім беру мектептерінде жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша 16 ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізді.