ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
21 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қалалық пән олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды
04-03-2020 17:33
21 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қалалық пән олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 2020 жылғы 4 наурызда Б. Момышұлы атындағы мектепте Абайдың 175 жылдығына арналған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қалалық пән олимпиадасы өтті. Мақсаты - шығармашылық белсенділікті ынталандыру және кәсіби шеберлік деңгейін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді қолдау және ынталандыру, педагог мәртебесін арттыру.

Олимпиадаға қатысу үшін қаланың 42 жалпы білім беретін мектептерінен 209 мұғалім өтініш білдірді. Оның ішінде жоғары санатты (педагог-зерттеуші) - 121 мұғалім, бірінші санатты (педагог-сарапшы) - 60, екінші санатты (модератор) - 15, санаты жоқ - 13 мұғалім қатысты.

Олимпиада 2 кезеңде өтті. 1-ші іріктеу кезеңінде педагогтар пән бойынша теориялық тапсырмаларды орындады (тестілеу), 2-ші ақтық кезеңде қатысушылар эссе жазып, практикалық тапсырмаларды орындады. 1-ші кезеңнің қорытындысы бойынша 79 педагог финалға өтті.

2 турдың қорытындысы бойынша 21 педагог олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Бас жүлдені № 19 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Алькеева Гульсия Саматқызы жеңіп алды.

I орынды мемлекеттік тілде білім беретін № 7 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Камалиева Куляй Машрапқызы, орыс тілінде білім беретін № 18 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Артықпаева Ақмарал Елдбайқызы иеленді.

     II орынды Сибанбаева Бағдат Акрамқызы, Сүлеев Аян Мұратұлы, Жаменкенова Гүлжан Шайхесламқызы, Унгарова Гульзира Сарыбайқызы, Б. Момышұлы атындағы № 45, 2, 19 ЖОМ мемлекеттік тілде білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері, Гросс Инга Райнгольдовна, Умергожина Динара Жапарқанқызы, Аймуханова Роза Қабдолқызы, Иманбаева Айнұр Серікқалиқызы, № 43, 29, 9, 27 ЖОМ орыс тілінде білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері иеленді.

     III орынды Шанашова Сауле Боранбайқызы, Урыстымова Айымгүл Александровна, Сапина Гүлнар Қалиханқызы, Рахатжан Ақгүл, Жексенова Динара Қайырбекқызы, № 30, Кенжекөл, № 2, 33 ЖОМ мемлекеттік тілде білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, Каппасова Әлия Қадырқызы, Хайруллина Мадина Женісқызы,Талипова Эльмира Ермонтаевна, Арынова Салтанат Маратқызы, Хамитова Сауле Лаззатқызы, № 40, 24, 17, 6, 43 ЖОМ орыс тілінде білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері иеленді.

         Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының орынбасары, қазылар алқасының мүшелері, жоғары оқу орындарының ғалымдары Кыдралин Қуаныш Төлегенұлы қалалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне білім беру бөлімінің дипломдарын және флеш-тасығыштарды табыс етті. Қалалық олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық және республикалық деңгейдегі конкурстарға қатыса алады.