ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жеңіс алауы» қалалық акциясы жалғасуда
06-03-2020 09:58
«Жеңіс алауы» қалалық акциясы жалғасуда

Павлодар қаласының Б. Момышұлы атындағы ЖОМ-да Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75-жылдығына арналған қалалық «Жеңіс алауы» акциясының 3-ші туры өтті. Мақсаты - оқушылардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, әскери әндер мен олардың соғыс кезіндегі рөлін білу, талантты жастарды қолдау, көркем өнерпаздардың үздік дәстүрлерін дамыту.

Акцияның 3-ші турында № 7, 9, 13, 20, 39, Б. Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары қатысты. № 7, 39 ЖОМ оқушылары «Қазақстан батырлары» композициясын дайындады, № 20 лицей-мектебінің оқушылары Сталинград шайқасына арнады. № 9 ЖОМ қатысушылары Ленинград блокадасы кезіндегі оқиғаларды көрсетті. № 13 ЖОМ оқушылары Берлин түбіндегі шайқаста аталарымыздың ерліктері туралы айтты. Б. Момышұлы атындағы мектеп оқушылары «Соғыс жылдарындағы Қазақстан», соғыс кезінде қазақ ауылы алыс балалар үйінен жетім қалған балаларды қалай қабылдағандығы туралы композициясын дайындады.

Көрсетілімнің қорытындысы бойынша Б. Момышұлы атындағы ЖОМ оқушылары I орын, II орынды - № 39 ЖОМ, III орынды - № 9 ЖОМ иеленді. 3-ші кезеңнің жеңімпаздары «Жеңіс алауы» қалалық акциясының финалына қатысады.

Павлодар іздестірушілері әкелген мәңгілік от капсуласы № 24 ЖОМ салтанатты түрде берілді. Акцияға 100-ден астам оқушы мен мұғалімдер қатысты.