2020 жылы 5 наурызда М. Катаев атындағы оқушылар Сарайында Алтын Орданың 750- жылдығына арналған, «Күйтартыс- 2020» домбыра орындаушылары облыстық байқауының финалдық турына Щарбақты ауданынан, Ақсу, Екібастұз, Павлодар қалаларынан 28 оқушы қатысты. Облыстық байқаудың ерекшелігі ұлттық аспап мұрағатын сақтау бойынша ұлттық салт-дәстүрді жалғастыру болып табылады. Қатысушылар Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сары-арқа», Даулеткерейдің «Түркімен», А.Желдибаевтың «Ерке сылқым», Дина Нұрпейісованың «Тойбастар» шығармаларын және «Келіншек» қазақтың халық күйін орындады.
Байқау қорытындысы бойынша ең жақсы жеке орындау қатарында I орынға № 38 ЖОМ 7 сынып оқушысы, «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі Рамазан Махамбет иеленді.Ол байқауда «Шалқыма» күйін орындады, «Салем» клубында 7 жыл домбырамен шұғылданады.
II орынға № 21 ЖОМ 5 сынып оқушысы Хамит Ниязбек иеленді. Байқауда оның орындауында А.Желдібаевтың «Ерке сылқым», Дина Нұрпейісованың «Тойбастар» және қазақтың халық күйі «Келіншек» естілді. Ол Павлодар қаласының балалар музыкалық мектебінде 8 жыл домбырада ойнайды.
III орынға № 35 ЖОМ 9 сынып оқушысы оқушылар Сарайының «Жасекпін» үлгілі ұжым мүшесі Нұркаев Әділжан иеленді. Байқауда ол Тәттімбеттің «Саржайлау» күйін орындады, 10 жыл домбырада ойнайды.
Байқау қатысушылары мен жеңімпаздары оқушылар Сарайының дипломдарымен марапатталды.